Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Айқожа Ахметжанұлы Әбсадықов 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымдық даму департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.
Айқожа Әбсадықов 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне «Инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп және сауда саясаты» бағыты бойынша қабылданған.
Ол 1993 жылғы 6 сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. Nazarbayev University (экономика бакалавры, мемлекеттік басқару магистрі) түлегі. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенде» Экономикалық интеграция департаментінің сарапшысы, Басқарма төрағасының кеңесшісі, Өнеркәсіп және бәсекеге қабілеттілік департаментінің сарапшысы ретінде бастаған.
2018 жылдан бастап — «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ Деректерді талдау және өңдеу орталығының директоры.
2019 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офисінің аға менеджері.
2022 жылдан бастап — «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Сатып алуларды жинақтап талдау және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас менеджері.
2023 жылдан бастап — «Қазақтелеком» АҚ филиалы Корпоративтік бизнес дивизионының Әдіснама және процестер департаментінің директоры, Жобаларды дамыту департаментінің директоры.
2024 жылдан бастап — «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Сатып алуларды жинақтап талдау және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің сарапшысы, бас менеджері.
2026 жылғы 2 ақпаннан бастап — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымдық даму департаментінің директоры.
Бұдан бұрын Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.