Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді. Онда экономиканың басым бағыттарындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері мен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту келешегі талқыланды.
Кездесу барысында Премьер-министр ЕАДБ-ның кезекті стратегиялық кезеңінің аяқталғаны және елімізде жобаларды жүзеге асыру үдерісі туралы хабардар етті.
Банктің жинақталған портфелінде инвестициялардың жалпы көлемі 19,6 млрд доллар болатын 326 жоба бар. Тек 2022–2026 жылдардың өзінде ЕАДБ қатысушы елдердің экономикасына 9 млрд доллар инвестиция құйды. Оның ішінде 5,2 млрд доллар инвестициялық міндеттемелер елімізге тиесілі, бұл банктің бұған дейінгі 15 жылдағы инвестициялар көлеміне тең. Кейінгі төрт жылда ел экономикасына салған инвестиция көлемі жыл сайын 1 млрд доллардан астам болса, былтыр ол 1,5 млрд долларға жетті. Еліміздің ЕАДБ-ның қазіргі инвестициялық портфеліндегі үлесі бүгінде 64,9%-ды құрайды. Банктің елімізге салған инвестициялары негізгі секторларға қарай бөлінген: шамамен 2,1 млрд доллар – өнеркәсіпті дамытуға, 1 млрд доллар – энергетикаға, 1 млрд доллар – көлік инфрақұрылымына, 1 млрд доллар қаржы секторына бағытталған.
Қаржы бөлінген маңызды жобалардың ішінде «Силлено» газ өңдеу зауытының, Атырау облысындағы KPI газ-химия кешенінің құрылысы, тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарын жаңғырту, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы ЖЭО-ларды қайта жаңарту, тағы басқалар бар. Банк дәстүрлі энергетиканың да, жаңартылатын энергетиканың да дамуын белсенді қолдайды. Атап айтқанда, елімізде шамамен әрбір 8 кВт ЕАДБ қатысуымен өндірілген. Бұл – Қарағанды, Түркістан, Ақмола, тағы да басқа облыстардағы жобалар. Көлік саласында ҚТЖ үшін локомотивтер мен жүк вагондарын жеткізу, автомобиль жолдарын реконструкциялау жобалары қаржыландырылды. Цифрлық бастамалар қоры мен техникалық жәрдемдесу тетіктері арқылы ЖИ мен цифрлық платформаларды дамыту саласындағы жобаларға қолдау көрсетіледі.
Биыл да ЕАДБ ірі жобаларды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде, тау-кен өндіру секторы мен тағы да басқа салаларда қаржыландыруды жалғастырады. Атап айтқанда, Өскемендегі ЖЭО-ны жаңғырту жалғасады. Бұл қаланы жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға, жабдықтардың тозуын азайтуға мүмкіндік береді. Түркістан мен Қызылорда облыстарында жаңа өндіруші қуаттарды іске қосатын екі күн электр стансасын салу жоспарланған. Телекоммуникация саласында байланыс инфрақұрылымы мен цифрлық қамтуды дамытуға инвестициялар көзделген. Өнеркәсіпте өндірісті ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру көзделген.
ЕАДБ басқарма төрағасы Банктің ел экономикасын дамытуға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жан-жақты жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформа инвестициялық ахуалды да одан әрі жақсартуға ықпал ететінін жеткізді.
Премьер-министр мемлекеттің қазіргі басымдықтарына сәйкес келетін базалық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салудың маңыздылығына тоқталды. Өзара іс-қимылдың басты бағыттарының бірі – елімізде де, басқа елдерде де белсенді дамып келе жатқан цифрлық күн тәртібі. Бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеуге айтарлықтай әлеует бар.
Кездесу қорытындысында сындарлы әріптестікті одан әрі нығайтудың, ел экономикасының тұрақты дамуы мүддесінде инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды екені атап өтілді.
Соңғы жаңалықтар
«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады
Оқиға • Бүгін, 12:57
Алматылықтар Михаил Шайдоровты салтанатты түрде қарсы алды
Оқиға • Бүгін, 11:27
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:45
Елімізде қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 10:20
Қоғам • Бүгін, 09:55
Қоғам • Бүгін, 09:50
Бірлік пен келісім жолындағы миссия
Қоғам • Бүгін, 09:45
Бата-тілектің ең қысқа нұсқасы
Қоғам • Бүгін, 09:40
Халық құрметтеген құтқарушылар
Құтқарушы • Бүгін, 09:35
Қоғам • Бүгін, 09:30
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Қоғам • Бүгін, 09:25
Пікір • Бүгін, 09:20
Ауғанстан азаматтарының ықыласы
Қоғам • Бүгін, 09:15
Қоғам • Бүгін, 09:10