Инвестицияның ең жоғары өсімі 4 облыс пен елордада тіркелді

14.10.2025

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

- Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3 пайыз болды. Қаңтар-тамызбен салыстырғанда шамалы баяулау байқалады. Нақты сектордағы өсу 8,1 пайыз болды, қызметтер өндірісі 5,3 пайызға өсті. Салалар арасында көлік қызметтері, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі ең жоғары өсуді көрсетті. Сауда - 8,8, өңдеу өнеркәсібі - 6,2, ауыл шаруашылығы 4,4 пайызға ұлғайды. Жалпы ішкі өнім өсімінің 70 пайыздан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік қызметтері қамтамасыз етті, - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, инвестициялар өсудің факторы болып қалып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5 пайызға артып, 13,8 трлн теңге болды. Оның ішінде жеке инвестициялар 7,8 пайызға өсті.

– Қаржы қызметіне жалпы инвестициялар 2 есеге, білім беруге – 1,8 есе, өңдеу өнеркәсібіне – 30,7, ауыл шаруашылығына – 21,1, көлік қызметтеріне 14,8 пайызға ұлғайған. Инвестициялардың ең жоғары өсуі Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды. Инвестициялардың төмендеуі Атырау облысында тіркелді, - деді Азамат Әмрин.

Айта кетейік, Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы талқыға салынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью