Инвесторларға қолдау көрсететін Kazakhstan Investment House ашылады

15.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

– Түрік бизнесімен серіктестікті одан ары дамытуға және инвестициялық қарым-қатынасты барынша кеңейтуге мүдделіміз. Бұл үшін бізде қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер жеткілікті. Осы ретте Қазақстан Үкіметі өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екендігін атап өткім келеді, - деді Олжас Бектенов. 

Премьер-министр Қазақстан Президентінің тапсырмасымен жаңа инвестициялық цикл іске қосу және сапалы инвестиция көлемін арттыру бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. 

– Осы міндеттерді орындау үшін Қазақстан Үкіметі 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын қабылдады. «Бәйтерек» АҚ-ы ұлттық инвестициялық холдингке трансформацияланып, оның құрамында Investment Board жұмысын бастады. Инвестицияларды одан ары тартуды күшейту мақсатында Kazakh Invest компаниясының жұмыс жүргізу аймағын кеңейтіп, шетелдік өкілдіктерінің санын ұлғайтамыз. Сондай-ақ бір терезе қағдиаты бойынша инвесторларға қызмет көрсету мен қолдаудың бірыңғай ақпараттық орталығы Kazakhstan Investment House ашылатын болады, - деді ол.

Премьер-министр шетелдік бинес өкілдерінің сенімін күшейту мақсатында олардың құқықтарын қорғау үшін Бас прокуратура жанында арнайы комитет құрылғанын және Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен құзіреті берілгенін айтты.

– Бұдан бөлек кәсіпкерлер үшін қолайлы орта қалыптастыру аясында Үкімет жанында Инвестициялық штаб жұмыс істеуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аталған штаб арқылы жалпы құны 115 млрд долларды құрайтын 212 жобаның проблемалық мәселелері өз шешімін тапты, - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бүгін Түркия Вице-президенті Жевдет Йылмаз бен Премьер-министр Олжас Бектеновтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысы өтті. Іс-шара барысында Олжас Бектенов Қазақстанның Түркиямен тығыз ынтымақтастыққа дайын бағыттарын атады

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью