Инвесторларға заңсыз талап қойған лауазымды тұлғалар айыппұл арқалады

02.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: Ашық дереккөз

3 инвестор мен 16 кәсіпкердің құқығы қорғалып, әкімшілік жауаптылыққа тартылған кінәлі лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 9,1 млн теңге айыппұл салынды.

Олжас Бектенов: инвесторларды қорғауды күшейтіп, кедергілерді жою қажет

«Қадағалау шаралары барысында табиғи монополия субъектілері электр және сумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарт берген кезде кәсіпкерлерден қолданыстағы заңнамада көзделмеген құжаттарды негізсіз талап еткені анықталды.

Сондай-ақ қызмет көрсету тәртібінің бұзылған фактілері анықталды: техникалық шарт беруден бас тарту туралы уәкілетті органдарды хабардар етпеу, сондай-ақ инвесторлар мен кәсіпкерлердің өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу», делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, прокурорлық ден қою актілері бойынша 2 табиғи монополия субъектісіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы 16 іс қозғалды, кінәлі лауазымды тұлғалар жауаптылыққа тартылып, айыппұлдар толық көлемде өндірілді.

Қабылданған шаралар әкімшілік кедергілерді жоюға, инвесторлар мен кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және инженерлік желілерге қосу кезінде заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бұған дейін, қытайлық инвесторлар БҚО-да жаңа зауыттар мен электр стансаларын салатыны туралы хабарлаған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью