Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Apple кейінгі жылдардағы басты тосынсыйын дайындап жатыр. Бүгін, 9 қыркүйекте өтетін таныстырылымда компания өзінің алғашқы жиналмалы смартфонын көрсетеді. Bloomberg инсайдері Марк Гурман гаджеттің қандай болатыны және оның ресми дүкендердегі құны туралы тың мәліметтерді бөлісті, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі MacRumors мәліметіне сілтеме жасап.
Жиналмалы iPhone қалай аталады?
Ұзақ уақыт бойы инсайдерлер жаңа өнімді iPhone Ultra немесе iPhone Fold деп атайды деп болжады - Гурманның өзі де бұл атауларды бірнеше рет тілге тиек еткен болатын.
Алайда соңғы есепте сарапшы Купертинодағылар неғұрлым ықшам нұсқаны - iPhone Duo атауын таңдағанын айтады.
Жады қанша болады?Инсайдер мәліметінше, құрылғының базалық жады көлемі 256 гигабайт болады. Бұған дейінгі мәліметтерде 512 гигабайттық және 1 терабайттық нұсқалары туралы да айтылған еді.
Гурманның соңғы есебінде жоғарғы модификациялар нақты аталмаған, бірақ ең қымбат баға санатын дәл солар қалыптастыратын сияқты.
Қандай түстерде шығады?Алғашқы топтамада ашық әрі көз тартарлық түстерді күтпеген абзал. Инсайдердің айтуынша, iPhone Duo тек екі нұсқада шығады: ақ және қою көк (үйреншікті классикалық қараның орнына қанық индиго реңкі).
iPhone Duo-ның соңғы түстері ақ және қою көк болады делінуде.
- AppleTrack (@appltrack) 9 қыркүйек, 2026 жыл
Сізге бұл жаңа нұсқалар ұнай ма? pic.twitter.com/aWfbfSH8ep
Желіде құрылғының алғашқы концепттері пайда болды. Инсайдерлер бұл смартфон Apple тарихындағы фирмалық Apple Pencil стилусын қолдайтын алғашқы модель болады деп болжап отыр.
Құны қанша болады?Мәліметтерге қарағанда, Apple-дің iPhone Duo жиналмалы смартфоны Apple Pencil-мен жұмыс істейтін болады.
- AppleTrack (@appltrack) 9 қыркүйек, 2026 жыл
Бұл оны стилусты қолдайтын алғашқы iPhone етеді. pic.twitter.com/Chmgb6ArBJ
Алғашқы жиналмалы iPhone-ды арзан деуге келмейді. TrendForce сарапшылары баға 2000–2500 доллар аралығында болады деп болжаса, Марк Гурман Apple-дің нақты бағаларын жариялады:
256 гигабайттық базалық нұсқасы - 2000 доллардан бастап (шамамен 960 мың теңге); 2 терабайттық ең жоғарғы нұсқасы - шамамен 3000 доллар (шамамен 1,4 миллион теңге!). Сатылымға қашан шығады?Жиналмалы смартфонды классикалық флагмандармен бір күнде сатып алу мүмкін болмайды.
iPhone 18 Pro топтамасының модельдері анонстан кейін бірден дүкен сөрелеріне түссе, iPhone Duo, Гурманның ақпараты бойынша, сатылымға қазаннан ерте шықпайды.
Еске салайық, таныстырылым бірнеше сағаттан кейін басталады. Ресми мәліметтер бойынша, іс-шара 9 қыркүйекте Астана уақытымен 22:00-де өтеді. Таныстырылымда iPhone 18 топтамасы көрсетілетіні, оның құрамында жиналмалы нұсқаны қосқанда бар болғаны үш модель болады деп күтіледі.
Тағы оқыңыз: Apple бірнеше жаңа өнім дайындап жатыр: таныстырылым туралы не белгілі?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу