Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Ұлттық банк ипотекалық және автокредиттерді алу көрсеткіші не себепті төмендегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл алғашқы үш айда ипотекаға сұраныстың көлемі 21 процентке азайды.
"Кейбір банктер сыйақы мөлшерлемелерін көтеріп, оның үстіне тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі қысқарғандықтан, ипотекалық қарыздарға сұраныс азайды", - дейді банк мамандары.
Автонесие берілген өтінімдердің саны да 20 процентке қысқарған. Ал кепілмен қамтамасыз етілген және кепілсіз тұтынушылық қарыздарға сұраныс бұрынғы деңгейде қалды.
"Несие беру талаптары біршама күшейтілсе де, бұл жағдай кепілмен берілетін тұтынушылық несиеге деген сұраныс динамикасын әлсіреткен жоқ. Өтінім саны 1%-ға (т/т) өсіп, 103 мың болды. Ал қарыздың орташа мөлшері 12%-ға (т/т), яғни 13,6 млн теңгеге дейін өсті", - делінген қаржыгерлердің есебінде.
Кепілсіз берілетін тұтынушылық несие сегментіндегі сұраныс та өзгеріссіз қалып отыр.
2026 жылдың ІІ тоқсанында ипотекаға сұраныс артады деген болжам бар.