Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
10 мыңнан аса 8-сынып оқушыларының басын қосқан IQanat Олимпиадасының II туры аяқталды. Ауыл оқушыларына арналған олимпиаданың облыстық кезеңінде жазда IQanat мектебінің грантын немесе жобаның бірегей білім беру бағдарламаларына қатысу үшін таласатын финалистер анықталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл Олимпиада – жай тестілеу ғана емес. IQanat Олимпиадасының ІІ туры – айқанаттық жастар қауымдастығының еңбегі анық көрінетін сәт. Бұл Peer-to-Peer тәсілі туралы.
Бағдарлама кедейлікпен күресудің жаңа тәсілдерін ойлап тапқаны үшін Нобель сыйлығын иеленген Дюфло, Банерджи және Кремердің зерттеулеріне негізделген.
Африка және Азия елдерінде олар білім беруді оқушының шынайы деңгейіне қарай құрудың маңызды екенін көрсетті, ал бұл ретте «peer learning» форматындағы дайындық бәрінен тиімді саналады. Оның аясында үлгерімі жақсырақ оқушылар академиялық деңгейі төмендерге көмектеседі. Материалды мұғалім мен оқушы арасындағы кедергісіз, «өз тілінде» түсіндірген кезде мықты оқушылар сабақты өзгелерге ұғынықты етіп түсіндіре алады, сонымен бірге өздері де білімін күшейте түседі. Нәтижесінде топтың жалпы деңгейі жылдамырақ өседі.
«IQanat бұрыннан ұстанып келген тәсілдің тиімділігін енді ғылыми зерттеулер де дәлелдеді. Биыл Олимпиаданың үш турынан да өткен IQanat-тың 1000 жоғары сынып оқушысы 10 000 сегізінші сынып оқушысына тәлімгер және мұғалім ретінде көмек көрсетті. Жыл бойы олар сабақты онлайн форматта бірге оқыса, Олимпиада кезінде жүзбе-жүз кездесіп, қатар отырып оқу мүмкіндігіне ие болды. IQanat-тың негізгі Giving Back («Жақсылықты қайтару») идеясының мән-маңызы да осы, меценаттар балаларға көмектеседі, ал олар өсе келе өз білімі мен жинаған құндылықтарын «ұрпақтан ұрпаққа» таратады және осылайша бағдарламаның тиімділігін кеңейтеді», – дейді жобаның облыстық қамқоршысы, кәсіпкер, Atasu Group холдингінің негізін қалаушы және иесі Марат Жұман.
Жоғары сынып оқушылары сабақты бар ықыласымен үйретеді. Олардың бірі – Алматы облысының Алмалыбақ ауылында туған 11-сынып оқушысы Диас Абдылхак. Бір жылда ол айқанаттық 79 балаға физика пәнінен көмектеті. Ал олардың 22-сі IQanat мектебінің грантын жеңіп алды.
«Мен үйдің үлкенімін, сондықтан біреуге «аға» болу мен үшін бала кезден үйреншікті нәрсе. Мен оқушыларға әрқашан көмек қолын созып, білмегенін түсіндіремін. Уақыт өте келе бұл менің өзіме де күш беретінін сезіндім», – дейді Диас.
Диас бар болғаны 17 жаста, бірақ ол нағыз мұғалім қандай болуы керектігін қазірдің өзінде көрсете білді. Ол өзі Олимпиадаға қатысқан кезде мектепке түсе алмаған еді, бірақ, жобадан кетпеді. Орасан еңбегі үшін Диасқа алғаш рет жобаның тьюторы ретінде грант беру туралы шешім қабылданды. Қазір Диас өзінің оқушыларымен бірге IQanat мектебінде білім алып жатыр. Грант оның барлық шығынын өтейді.
Биылғы Олимпиада кезінде ол тағы да өз өңіріне келіп, ауыл балаларын дайындауға кірісті. Енді олар ІІ турдың нәтижесін бірге күтіп жүр.
IQanat – 240+ кәсіпкердің жобасы. Олардың қатарында Дулат Тастекей, Нұржан Бекшенов, Марат Жұман, Асқар Алшынбаев, Нұрасыл Джарбасов, Айдын Рахимбаев, Тимур Турлов, Ерлан Исекешев, Асхат Омаров, Қанат Көпбаев, Ғазиз Құсайын, Сергей Кан, Серік Төлбасы, Оразхан Карсыбеков сынды басқа да кәсіпкерлер бар.
Олардың қолдауының арқасында IQanat түлектерінің 94%-ы ЖОО грантын жеңіп алып, қазір әлемнің 19 елінде білім алып жатыр.