Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

27.06.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Африкалықтар сапында Пап Гуйе екі мәрте мергендік танытты. Сондай-ақ Хабиб Диарра, Исмаила Сарр және Илиман Ндиай бір-бір голдан соқты.

Осылайша Сенегал құрамасы әлем чемпионатты тарихында бір ойында бес гол соққан алғашқы Африка құрамасы атанды.

Топтық кезең қорытындысында Сенегал 3 ұпаймен I тобында үшінші орында тұрақтады. Команда 8 гол соғып, 6 гол жіберіп алды. Қазіргі таңда сенегалдықтар өз топтарында үшінші орын алған құрамалар арасындағы аралық кестеде бесінші орында тұр. Сонымен қатар 3 ұпай жинаған командалар ішінде доп айырмасы (+2) бойынша үздік көрсеткішке ие.

Ал Ирак құрамасы өз тобында бірде-бір ұпай жинай алмай, соңғы төртінші орынмен әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады. Естеріңізге салайық, Ирак құрамасы өз тарихында әлем чемпионатты бәсекесіне екінші рет қатысып отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью