7kun.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ислам революциясы сақшылар корпусы Таяу Шығыста америкалық технологиялық компанияларды «заңды нысана» деп жариялады.
Бұл туралы Tasnim агенттігі хабарлады. Мәлімдемеде Apple, Google, Microsoft секілді ірі компаниялар аймақтағы операцияларға қатысы бар деп айыпталған.
Тізімге сондай-ақ Intel, Nvidia, Meta, Tesla және Boeing енген.
Иран тарапы аталған компаниялардың аймақтағы кеңселері ықтимал нысанаға айналуы мүмкін екенін ескертіп, қызметкерлерге қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Сарапшылардың пікірінше, БАӘ, Катар және Сауд Арабиясы аумағындағы аймақтық штаб-пәтерлер тәуекел аймағында болуы мүмкін.