Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: istockphoto.com
Оның айтуынша, АҚШ-тың Иран аумағына жасаған шабуылдары екі күн бұрын тоқтаған. Осыған байланысты Тегеран да әскери соққыларды доғарған.
«Біздің стратегиямыз жауап қайтару қағидатына негізделген. АҚШ шабуылдарын тоқтатқандықтан, Иранның қарсы операциялары да аяқталды», деді Акраминия.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Иранмен келіссөздің тоқтағанын мәлімдеп, Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелерге алым енгізу керектігін айтты. Ақ үй басшысының бұл бастамасына Біріккен Ұлттар ұйымы қарсылық білдірді. Ал Иран 19 шілдеде АҚШ флотын жанармаймен қамтамасыз ететін Кувейттегі отын терминалына соққы жасағанын мәлімдеді.
Осыдан соң Вашинтон он екі күн қатарынан әуе соққыларын жасады. Тегеран да Ақ үйдің стратегиялық маңызы бар нысандарына шабуылмен жауап қатты.