Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран аймақтағы қонақ үйлер мен басқа да азаматтық, әсіресе америкалық әскерлер орналасқан нысандар нысанаға айналуы мүмкін екенін ескертті.
Иран Қарулы Күштерінің өкілі Абольфазл Шекарчи АҚШ әскері пайдаланатын нысандар заңды нысана болып саналатынын мәлімдеді.
- Америка әскері орналасқан қонақ үй біздіңше Америка нысаны болып саналады, - деді ол мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында.
Иранның Ислам революциялық гвардия корпусы да бейбіт тұрғындарды америкалық күштер орналасқан аймақтардан кетуге шақырып, мұндай нысандарға шабуыл жасалу мүмкіндігі туралы ескертті.
Қазіргі уақытта АҚШ тарапынан бұл мәлімдемелерге ресми түсінік жасалған жоқ.
Біз бұған дейін АҚШ Конгресі мүшелерінің Иранға АҚШ әскерін орналастыруға наразылық білдіргенін хабарлаған едік.
Қазақстан Түркістанды Иран бойынша келіссөз алаңы ретінде ұсынуға дайын.