Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Кувейт билігі шабуылдардың бірнеше сағатқа созылғанын, соның салдарынан мұнай нысандары, электр станциялары мен су тұщыту қондырғылары зақымданғанын хабарлады.
Біріккен Араб Әмірліктері де зымыран қаупі туралы мәлімдеді.
Елдің Қорғаныс министрлігінің дерегінше, әуе қорғаныс жүйелері зымырандар мен дрондардың шабуылдарына тойтарыс беріп жатыр. Сондай-ақ ықтимал соққылар туралы ескертулер Бахрейннен де түскен.
БАҚ мәліметінше, зымыран шабуылдары Израильге де бағытталған.
Иранның мемлекеттік телеарнасы соққылардың болғанын растады. Мәлімдемеде бұл әрекеттердің Иранның мұнай инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға жауап ретінде жүргізілгені айтылған.
-Парсы шығанағындағы Лаван аралы мен Сирри аралы нысандарында жарылыстар болғаны туралы хабар тарады. Алайда бұл ақпарат әзірге расталған жоқ,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Израиль Иранға шабуылдарын тоқтатқанымен Ливандағы операцияларын жалғастырып жатқаны туралы айтылды.