Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Иран АҚШ-пен ешқандай келіссөздер жүргізбейді. Бұл туралы осы елдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Лариджанидың айутынша, америкалық көшбасшы "бос үміттерімен" Таяу Шығысты хаосқа батырған. Енді "америкалық әскерлер арасындағы одан әрі шығындардан" қорқып отыр.
"Иран АҚШ-пен ешқандай келіссөздер жүргізбейді", - деп жазды Лариджани.
Айта кетері, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жаңа басшылығы келіссөз жүргізуге ұсыныс жасағанын мәлімдеген болатын.