Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Оның айтуынша, түпкілікті келісімге қол жеткізуге әлі ерте.
Ғалибаф сондай-ақ Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасын толық бақылауда ұстап отырғанын айтты. Бұған дейін Тегеран бұғазды қайтадан жапқан болатын.
Fars агенттігінің дерегінше, Иран қарулы күштері штабының өкілі мұндай қадамды АҚШ-тың иран порттарына қатысты блокадасын жалғастыруымен түсіндірген.
Келіссөздердің келесі кезеңі өтеді ме ?
Пәкістанның делдалдығымен 22 сәуірде аяқталуы тиіс атысты тоқтату мерзімін ұзарту және жан-жақты келісім әзірлеу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. АҚШ-тың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының расталмаған мәліметіне сәйкес, келіссөз жүргізушілер 20 сәуірде Пәкістан астанасы Исламабадта қайта кездесуі мүмкін.
Айта кетеік, Трамп АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер демалыс күндері жалғасатынын мәлімдеген болатын.