Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
– Иранның АҚШ-қа сәтті тойтарыс беруінің себебі жүйеде. Иран, біріншіден, мемлекеттік дәстүрі бар халық. Адамзат өркениетінің ірі мемлекеттері құрылған, мемлекетке қатысты халқының көзқарасы мығым ел. Әртүрлі этникалық топ бар, билікпен келіспеушілік те болуы мүмкін. Бірақ мемлекетке қатысты көзқарасы берік қалыптасқан, – деді ол.
Сондай-ақ, Амангелді Құрметұлының пікірінше, Ирандағы билік жүйесі мемлекетшілдік ұғымын сіңірген.
– Жүйесі бар, биліктің вертикалы сақталған. Мемлекеттік аппараты, соның ішінде әскери аппараты сәтті жұмыс істейтін ел екенін көрсетті. Шындап келгенде, жеке тұлғаның беделіне, абыройына емес, мемлекет деген ұғымға байланып қалған жүйе. Сондықтан біршама адамын өлтіргенде де, елде астаң-кестен, бейберекетсіздік болған жоқ. Ислам революциясын қорғау корпусы да, әскері де, Басидж күштері де, саяси жүйесі де жұмыс істеп тұр, – деді ол.
Сол себепті, көсемінен айрылса да, мемлекет құламай, соғысты жалғастырды.
– Әлі де саяси фигура ретінде шығып жүрген азаматтары бар. Билігінде бұларды кез келген уақытта алмастыратын басқа да ізбасарлар бар сияқты. Қолбасшы кетсе, әскер тарап кететін ел емес. Ислам революциясын қорғау корпусының әр командирі ана сүтімен сіңгендей деңгейде тәрбиеленген секілді. Сол себепті, Ирактағы, Ливиядағы жағдай қайталанған жоқ. Әскери қолбасшылар қарсылас тарапқа сатылмады. Көшбасшы кеткен соң, ел күйреп қалған жоқ, – деді сарапшы.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Сенаты Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қабылдамағанын жазғанбыз.