Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Иран Оман шығанағында Ислам Республикасының туы астындағы жүк кемесіне АҚШ-тың жасаған шабуылын бітімгершілікті бұзу деп атады. Тегеран билігінің мәлімдеуінше, Американың әскери кемелеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Иран Оман шығанағында Ислам Республикасының туы астындағы жүк кемесіне АҚШ-тың жасаған шабуылын бітімгершілікті бұзу деп атады. Тегеран билігінің мәлімдеуінше, Американың әскери кемелеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен соққы жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, бұл туралы дүйсенбіге қараған түні, 20 сәуірде елдің қарулы күштерінің "Хазрат Хатам әл-Анбия" орталық штабының өкілі мәлімдеді.
"Агрессор Америка бітімгершілікті бұзып, теңіз қарақшылығы әрекетін жасады", - делінген ирандық Tasnim мемлекеттік ақпарат агенттігі келтірген әскерилердің мәлімдемесінде.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желідегі аккаунтында жексенбіде АҚШ Әскери-теңіз күштері Оман шығанағында Иран туы астындағы TOUSKA жүк кемесін ұстап алғанын, ол Вашингтонның Иран порттарына қойған әскери-теңіз блокадасын айналып өтуге тырысқанын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, ирандық экипаж бағынудан бас тартқан, содан кейін Американың зымырандық эсминці машина бөлімін тесіп, кемені тоқтатқан. Қазір ол АҚШ теңіз жаяу әскерінің бақылауында.
Кеменің қолға түсірілгенін АҚШ Қарулы Күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) да растады.
- АҚШ Орталық қолбасшылығы (@CENTCOM) 19 сәуір, 2026 жыл
AFP агенттігігің ақпаратынша, Тегеран мен Вашингтон арасындағы жағдайдың қайта шиеленісуі аясында АҚШ президенті бұған дейін анонс жасаған келіссөздердің жаңа кезеңінің тағдыры белгісіз болып отыр. Tasnim мәліметінше, Иран билігі Ормуз бұғазындағы ел порттарын Американың қоршауы қалып отырған кезде АҚШ-пен келіссөздерге қатысуды жоспарламайды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу