Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Иран армиясының бас қолбасшысы, генерал-майор Әмир Хатами әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған америкалық сарбаз үшін ақшалай сыйақы жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Press TV-ге сілтеме жасап.

Хатамидің айтуынша, америкалық сарбаздың көзін жойған немесе оны қолға түсірген кез келген адамға Иран армиясы бес миллиард иран тұманы (шамамен 30 мың АҚШ доллары) көлемінде сыйақы береді.

Бұл істе нәтиже шығарған ирандық әйелдерге екі еселенген сыйақы беріледі, деп уәде берді генерал-майор.

Сондай-ақ америкалық сарбаздардың көзін жоюға пайдаланылған қаруды Иран армиясы нарықтық құнынан екі есе қымбат бағаға сатып алатыны және оның арнайы мұражайға тұрақты жәдігер ретінде қойылатыны атап өтілді.

Бас қолбасшы сыйақы тағайындау туралы шешім "қаржылық жиһадқа" қатысуға ниет білдірген өтініштердің көптігіне байланысты қабылданғанын түсіндірді.

Бұған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) бас қолбасшысы Мохаммад Реза Нагди Иран АҚШ-пен ұзаққа созылатын қақтығысқа дайын екенін мәлімдеген болатын.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью