Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев дрон шабуылын терракт деп бағалап, ирандықтардан кешірім сұрауды талап етті, деп хабарлайды Әзірбайжан президентінің баспасөз қызметі.
Ильхам Әлиев Нахчыванға жасалған дрон соққыларын елге қарсы шабуыл деп санайтынын мәлімдеді.
"Иран шенеуніктері түсініктеме беріп, Әзербайжан тарапынан кешірім сұрауы керек. Шабуыл жасағандар жауапқа тартылсын", — деді ол Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде.
Әлиев Әзербайжан Қарулы күштеріне жауап ретінде шаралар қолдануды тапсырғанын айтты.
Еске сала кетейік, 5 наурызда Әзербайжанның Нахчыван қаласына ирандық дрондар құлады. Бір ұшқышсыз ұшақ әуежай терминалының ғимаратына, ал екіншісі Шакарабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанына түскен.
Кейінірек Иранның сыртқы істер министрлігі Әзербайжан Республикасына шабуыл жасалғанын жоққа шығарды.
Айта кетейік, соққы салдарынан 4 адам зардап шекті, олар аурухана ем қабылдап жатыр.