Иран бір қарыс жерін де бермейді Масуд Пезешкиан

08.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Иран бір қарыс жерін де бермейді. Бұл туралы осы елдің президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы әскери қақтығысты “соғыс” деп атап, осы елдің картасы өзгеруі мүмкін екенін айтқан.

"Біз бір қарыс жерімізді де жаулап алуға жол бермейміз", - деген Пезешкианның сөзін Иран президентінің баспасөз қызметі келтірді.

Пезешкиан бұған дейінгі өз сөзін басқаша түсіндірілгенін, себебі "жау" Иранның Таяу Шығыс елдерімен соғыс жағдайына түсуді қалайтынын жеткізді.

Пезешкиан бұған дейін Тегеран көршілес елдердің өздері шабуыл жасамаса, оларға соққы жасамау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген. Ол АҚШ пен Израильдің шабуылдарынан кейін Иран шабуылына ұшыраған елдерден кешірім сұрады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью