Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Тегеранда Израиль мен АҚШ-тың шабуылы кезінде қаза тапқан Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Билік қоштасу рәсіміне кемінде 15 миллион адам қатысады деп болжаған еді. Жиналғандардың арасында Тегеран тұрғындарымен қатар, Иранның түкпір-түкпірінен арнайы келген адамдар бар.
"Бізді ешкім мәжбүрлеген жоқ, мұнда өз еркімізбен келдік. Мен Хузестаннан келдім", – дейді Шейхи есімді азамат.
Аятолланың денесі салынған табыт Азади алаңына жеткізілді, алаң қазірдің өзінде адамға толы, ал халық әлі жиналып жатыр.
Ертең, сейсенбі күні, Кум қаласында да қоштасу рәсімі өтеді, ал 8 шілдеде Хаменеидің денесі Ирактың Бағдад, Наджаф және Кербела қалаларына жеткізіледі. Ал 9 шілдеде отанына — өзінің туған қаласы Мешхедке қайтарылып, сол жерде жерленеді.
Хаменеи 28 ақпанда Тегеранға жасалған АҚШ пен Израиль соққылары кезінде қаза тапты.