Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Израиль армиясының мәліметінше, Иран аумағынан ұшырылған зымырандарды ұстап қалу үшін әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылған.
Қауіп төнген аймақтардағы тұрғындардың ұялы телефондарына ескерту хабарламалары жіберіліп, арнайы нұсқау берілгенге дейін паналау орындарында болу ұсынылды.
Yedioth басылымының жазуынша, әуе дабылы Димона, Арад және Негев шөлі орналасқан Израильдің оңтүстік өңірінде қосылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытқа ұшырылған зымырандардың басым бөлігі әуе қорғаныс жүйелері арқылы жойылған.
«Маген Давид Адом» жедел жәрдем қызметі қазіргі дерекке сәйкес, соңғы шабуылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, 21 наурыз күні Иранның жауап соққысы кезінде Арад пен Димона қалаларында зымырандардың тікелей түскені хабарланған. Сол кезде Арадта 84 адам жарақат алып, Димонада ондаған адам зардап шеккен. Израиль әскері екі зымыранның ұсталып қалмауын «бір-біріне қатысы жоқ техникалық ақаулармен» түсіндірген.
Бұған дейін Израиль Иран мен Ливан аумағына соққыларды жалғастыратынын мәлімдеген.