Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Иран сенбіде Израильге және БАӘ, Бахрейн, Қатар мен Кувейттегі америкалық базаларға шабуыл бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Иран сенбіде Израильге және БАӘ, Бахрейн, Қатар мен Кувейттегі америкалық базаларға шабуыл бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Nour News ақпаратына сәйкес, Иран әскері Израильге қарай ондаған баллистикалық зымыран ұшырған.
Бахрейнде дабыл сиреналары қосылды. Билік тұрғындарға негізгі жолдарды тек аса қажет жағдайда пайдалануды ұсынды. Al Arabiya телеарнасы бірнеше жарылыс естілгенін хабарлады.
Bahrein News Agency Ұлттық коммуникация қызметіне сілтеме жасап, АҚШ-тың бесінші флотының қызмет көрсету орталығына зымыран соғылғанын жазды.
"Дабыл сиреналары іске қосылды... Азаматтар мен тұрғындарға негізгі жолдарды тек қажет болған жағдайда пайдалануға кеңес береміз", - деді Бахрейннің ішкі істер министрлігі өкілдері.
CNN мәліметінше, Қатар өз аумағында ирандық екі зымыранды қағып түсірген. Сондай-ақ, БАӘ астанасы Әбу-Дабиде де жарылыстар болғаны хабарланды, онда әуе қорғаныс жүйесі жұмыс істеп жатыр. БАҚ дерегінше, зымырандар Әл-Дхафра әскери әуе базасына тиген.
Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Кувейтте де жарылыс естіліп, әуе дабылы қосылған.
Al Jazeera арнасы аты-жөні аталмаған ирандық шенеунікке сілтеме жасап, АҚШ пен Израильдің соққыларынан кейін Иран үшін енді "қызыл сызық" жоқ екенін хабарлады.
"Бұдан кейін "қызыл сызық" деген жоқ, бәрі де мүмкін, тіпті бұрын қарастырылмаған сценарийлер де болуы ықтимал", - деді шенеунік телеарнаға.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!