Иран келіссөздер жүргізу үшін АҚШ қа үш талап қойды БАҚ

11.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа үш талап қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ливандық Al Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап.

Иран келіссөздерді қайта бастау үшін АҚШ-қа үш талап қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ливандық Al Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап.

"Иранның шарттары соғыстың қайта басталмауына кепілдік, толық ядролық отын циклін және өтемақы алуды қарастырады", - делінген телеарна хабарламасында.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы операция бастады. Тель-Авив бұл әрекеттің мақсаты Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екенін мәлімдеді. Вашингтон Иран флотын, қорғаныс өнеркәсібін жойып жібереміз деп қауіп төндіріп, ел азаматтарын билікті құлатуға шақырды.

Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары салдарынан кемінде 1300 адам қаза тапқан, олардың ішінде жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи де бар. 9 наурызда Сарапшылар кеңесі Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысының атын жариялады. Ол - қаза тапқан көшбасшының ұлы Моджтаба Хаменеи.

БАҚ мәліметінше, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, сонымен қатар Ислам Республикасының және өңірдегі басқа елдердің азаматтық инфрақұрылымына да тиіп жатыр. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы америкалық базаларға шабуыл жасап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью