Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохсен Резаи егер көрші елдер АҚШ санкциялары аясында ирандық ұшақтарды қабылдауды тоқтатса, олардың әуежайларының жұмысын бұзатынын айтып қоқан-лоқы жасады. Оның сөзін ирандық YJC агенттігі жариялаған, деп хабарлайд Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
"Егер сіздер біздің рейстерге тыйым салып, АҚШ-пен ынтымақтаса бастасаңыздар, әуежайларыңыз бұдан былай ұшу операцияларын жүзеге асыра алмайды. Егер АҚШ жағына шықсаңыздар, біз сіздермен байланысты үземіз", - деді Резаи.
Ол АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық нысандарына немесе таулы аймақтарда орналасқан нысандарына шабуыл жасауды көздеуі мүмкін екенін айтты.
"Біздің қарулы күштеріміз кез келген әрекетке жауап қайтаруға дайын", - деп мәлімдеді Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
Бұған дейін Иранның Азаматтық авиация ұйымының өкілі Маджид Ахван АҚШ санкцияларына қарамастан, ирандық компаниялардың әуе қатынасын жалғастыруы бойынша жұмыс істеп жатқанын, қазіргі уақытта барлық рейс кестеге сай орындалып жатқанын айтқан болатын.
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент санкцияларға байланысты 23 қыркүйектен бастап ирандық әуе компаниялары ұшуды тоқтататынын және оларға жерүсті қызметтері көрсетілмейтінін ескертті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу