Иран, Ливан және Израильде қақтығыстардың шиеленісуінен 1800 адам көз жұмды ДДҰ

12.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Он күннен астам уақыт бұрын Таяу Шығыстағы қақтығыс шиеленісе бастады. Иранда 1300-ден астам адам қаза тауып, 9 мың адам жараланды, Ливанда кемінде 570 адам көз жұмса, 1400-ден астам адам жараланды, Израильде 15 адам мерт болып, 2 адам жараланды, — деп жазды ол. 

Сонымен қатар бас директор аймақтағы денсаулық сақтау нысандарына шабуылдардың көбейгенін атап өтті. Оның айтуынша, 28 ақпаннан бері ұйым Иранда — 18, Ливанда — 25, Израильде екі шабуылды тіркеген.

— Бұл шабуылдар адам өмірін алып қана қоймай, сондай-ақ қауымдастықтарды аса қажет болған кезде медициналық көмектен айырады, — деді Гебрейесус.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Иранның ірі қалалары, соның ішінде Тегеран да соққыға жығылды. Ақ үй бұл шабуылды Тегераннан шыққан зымырандық және ядролық қатерлерге сілтеме жасап ақтады. Ислам революциясы Сақшылар корпусы Израильдегі нысандарға шабуыл жасап, кең ауқымды жауап операциясын жариялады. Сондай-ақ АҚШ-тың Бахрейн, Иордания, Катар, Кувейт, БАӘ және Сауд Арабиясындағы нысандарына соққы берілді. Иранға жасалған соққылардан рухани көсем Аятолла Әли Хаменеи мен Ислам республикасы басшылығындағы тағы бірнеше маңызды тұлғалар қаза тапты.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2024 жылдың шілдесінен 2025 жылдың қараша айына дейін Газада 1092 адам медициналық көмекке жете алмай көз жұмды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью