Иран мемлекеттік телеарнасы: мектепке шабуылдан 51 оқушы қаза болды

28.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс салдары туралы екі тарап өз деректерін жариялап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Иран мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, АҚШ пен Израильдің Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясы Минаб қаласында орналасқан «Шаджарат әл-Тайиба» қыздар бастауыш мектебіне жасаған шабуылы салдарынан 51 оқушы қыз қаза тапқан. Бұл туралы TRThaber жазды.

Минаб ауданының басшысы Мұхаммед Радмехр мектеп шабуылдың тікелей нысанасына айналғанын және соның салдарынан көптеген оқушының қаза болғанын мәлімдеді.

Ал Иранның IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі алдын ала мәлімет бойынша Минабтағы бастауыш мектепке жасалған американо-израильдік шабуылдан кемінде бес қыз қаза тапқанын хабарлады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью