Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Иран президенті Масуд Пезешкиан Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, Тегеранның Нахичеваньдағы екі ұшқышсыз аппарат бойынша болған оқиғаға қатысы жоқ екенін айтты.
Екі ел басшының әңгімесін Әзербайжан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ТАСС агенттігі хабарлады.
— 8 наурызда Иран тарапының бастамасымен президенттер Масуд Пезешкиан мен Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесті. Әзербайжан басшысы Нахичеваньда болған оқиғаны тергеудің маңыздылығын атап өтті, - делінген хабарламада.
— Өз кезегінде Масуд Пезешкиан Нахчыванға жасалған әуе шабуылы оқиғасының Иранға қатысы жоқ екенін мәлімдеді және бұл жағдай тергелетінін атап өтті, - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Бұған дейін Әзербайжанның Нахчыванында пилотсыз ұшу аппараттары (ПҰА) апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.
БАҚ хабарламаларына сәйкес, оқиға Нахичевань халықаралық әуежайы мен оған жақын орналасқан ауылдардың маңында болған. Дрондардың бірі Нахичевань халықаралық әуежайының терминал ғимаратына, ал екіншісі Шекерабад ауылындағы мектептің маңына құлаған. Оқиға салдарынан екі бейбіт тұрғын жарақат алды.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахичевань қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді.
Кейіннен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахичевань әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс білдірді.