Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ол сондай-ақ аймақтағы барлық америкалық әскери базалар дереу жабылуы тиіс екенін, әйтпесе оларға шабуыл жасалатынын мәлімдеді. Иранның Жоғарғы көшбасшысы Ислам Республикасы АҚШ базаларына қарсы шабуылдарын жалғастыратынын атап өтті. Сонымен қатар, Иран қарсы тұруды жалғастыратынын айтып, халықты ұлттық бірлікке шақырды.
Жоғарғы көшбасшы Иран аймақта үстемдік пен отаршылдықтың орнауын қаламайтынын, барлық көрші елдермен бірлікке және жылы, шынайы қарым-қатынас орнатуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Fars агенттігі. Моджтаба Хаменеи сондай-ақ Иранға жасалған шабуылдар үшін өтемақы талап етілетінін қосты.
Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан Ормуз бұғазы жабылғанын жазған едік. Қазір мұнда мұнай-газ тасымалдайтын 150-ден астам кеме кептеліп тұр. Иран бұғазды бұғаттау арқылы АҚШ-тың меселін қайтарғысы келгенімен, әлем елдеріне шикізат тасымалының тежелгені оңайға соқпай отыр.
Ал артынша Kpler теңіз аналитикалық компаниясының деректеріне сәйкес, Ормуз бұғазы арқылы танкерлер тасымалы өткен аптамен салыстырғанда шамамен 90%-ға азайғаны хабарланды.