Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Иран Ормұз бұғазына теңіз миналарын орната бастаған. Бұл туралы америкалық барлау деректеріне сүйенген CBS News пен CNN хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Тегеран бұғазда ондаған мина орналастырып үлгерген және тағы жүздегенін қоюы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
© REUTERS / Nicolas Economou
Бұған дейін Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы бұғаз арқылы өтетін кез келген кемеге соққы беретінін ескерткен. Қақтығыс басталғалы бері бұл бағыттағы теңіз қозғалысы іс жүзінде тоқтап қалған.
Мұнай мен газ жеткізіліміндегі іркілістердің салдарынан әлемдік нарықта энергия ресурстарының бағасы өсе бастады.
Иран Біріккен Араб Әмірліктеріне соққы жасады: 6 адам қаза тапты
Аталған жағдайға АҚШ президенті Дональд Трамп назар аударды. Ол Ираннан бұғаздағы миналарды шұғыл түрде залалсыздандыруды талап етті.
Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемесінде Трамп:
«Егер Иран Ормұз бұғазына қандай да бір мина орнатқан болса, біз оларды дереу залалсыздандыруды талап етеміз. Егер миналар жойылмаса, Иран үшін әскери салдары бұрын-соңды болмаған деңгейде болады», деп жазды.
Ормұз бұғазы – әлемдік энергетикадағы ең маңызды теңіз жолдарының бірі. Күн сайын бұл жер арқылы шамамен 20 млн баррель мұнай тасымалданады, бұл – теңіз арқылы жеткізілетін мұнайдың төрттен бірі.
Сонымен қатар бұғаз арқылы сұйытылған табиғи газдың шамамен 35%-ы өтеді және Парсы шығанағындағы елдердің мұнай экспортының басым бөлігі осы бағытқа тәуелді.
«Бір литр де мұнай шықпайды»: Иран Ормұз бұғазын толық бақылауға алды
CNN мәліметінше, қазір Парсы шығанағында тәулігіне шамамен 15 млн баррель мұнай және 4,5 млн баррель мұнай өнімдері жеткізілмей тұрып қалған. Ал Ирак пен Kувейт сияқты ірі өндірушілерде экспортқа арналған балама бағыттар жоқ.
Сонымен қатар соңғы 11 күндегі зымыран шабуылдары кезінде Израиль аумағында 12 адам қаза тауып, шамамен 200 адам жараланған. Бұл туралы TASS әскери дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Ал Reuters агенттігінің мәліметінше, қақтығыс барысында 150-ге жуық америкалық әскери қызметкер жараланған.
Израиль әскері Тегеранда Иран әуе күштерінің штабына соққы жасады
Өз кезегінде Иран 1300 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және мыңдаған нысанның қирағанын мәлімдеді. Сондай-ақ Тегеран Израиль әуе соққысы кезінде Бейрут қаласындағы қонақүйде төрт иран дипломатының қаза тапқанын айыптап отыр.
Соңғы жаңалықтар
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты болған әуежайдың құжаттарынан өрескел қате табылды
Әлем • Бүгін, 11:28
Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады
Әлем • Бүгін, 11:17
15 наурызда елордалықтар автобуспен тегін қатынайды
Референдум • Бүгін, 11:07
«Nauryz Sale»: Мереке қарсаңында азық-түліктер арзан бағада сатылады
Баға • Бүгін, 10:56
Оңтүстік Кореядағы өрт: Жоғалып кеткен Қазақстан азаматының сүйегі табылды
Оқиға • Бүгін, 10:46
Астанада екінші ауысым оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Білім • Бүгін, 10:35
Қар, жаңбыр, жел: Елімізде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 10:27
Айбын • Бүгін, 10:14
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ғылымды қолдау – ел болашағына салынған инвестиция
Ғылым • Бүгін, 09:52
Теміржол саласындағы өзгерістер: Инфрақұрылым қалай дамып жатыр?
Логистика • Бүгін, 09:40
IBF Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеуінен айырды
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:27
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:13
Мал ұрлығының алдын алу өзекті
Қылмыс • Бүгін, 09:00
Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күшейеді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55