Иран президенті мемлекеттік органдарды халық мәселесін шешуге шақырды

15.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Иран президенті Масуд Пезешкиан министрлер кабинетінің отырысын өткізіп, елді сыртқы қысымнан қорғау үшін азаматтардың талап-тілегін орындауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: IRNA

Иран президенті өз сөзінде мемлекеттің егемендікті қолдап, зорлық-зомбылық әрекеттерін айыптау мақсатында өткен акцияларға қатысқан ирандықтарға алғыс білдірді.

Оның айтуынша, үкімет халықтың сенімін ақтап отырса, сыртқы жаулардың елдің тыныштығын бұзуға бағытталған әрекеті сәтсіз аяқталады. Сондықтан ол министрліктер мен ведомстволарға елдегі кемшіліктерді жойып, ирандықтардың мәселелерін шешуде «ерекше ынта» танытуды тапсырды. Сондай-ақ әрбір мемлекеттік орган азаматтармен өзара іс-қимыл сапасын жақсартуға міндетті екенін атап өтті.

Иран көшбасшысы Иранға қарсы қысымды күшейтуге бағытталған ауқымды «гибридтік соғыс» жүргізіліп жатқанын да атап өтті.

«Қазір жау барлық күшін қысым көрсетуге жұмылдырған тұста біз халықтың әл-ауқатын барлық салада қорғау үшін қолда бар барлық тәсілді пайдалануға міндеттіміз», деді Масуд Пезешкиан.

Айта кетейік, Иранда Ислам Республикасы тарихындағы ең ауқымды наразылықтар өтіп жатыр. Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше рет наразылық білдірушілерді қорғау үшін жағдайға араласамын деп сес көрсеткен болатын.

Ал Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын хабарлады. 

Наразылықтар кезінде елде интернетке шектеу қойылды.

Бүгін Иран әуе кеңістігі жабылды, жағдайға байланысты Air Astana рейстерінің маршруты өзгерді.

Соңғы жаңалықтар

Иран әуе кеңістігі жабылды: Air Astana рейстерінің маршруты өзгерді

Әлем • Бүгін, 09:22

Елордада бірінші ауысым оқушылары онлайн оқиды

Елорда • Бүгін, 09:20

Астанадан шығатын жолдар жабылды: Қатты аязға байланысты қозғалысқа шектеу қойылды

Қоғам • Бүгін, 09:18

Дәрігерге көмекші

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

АҚШ иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатты: Қазақстан тізімге енді

Әлем • Бүгін, 09:13

Ысырап болмасын...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Анттан аттамаған

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 09:10

Түркияда шыққан еңбек

Басылым • Бүгін, 09:08

Жануарсыз цирк

Таным • Бүгін, 09:05

Аяз күшейді: Қостанай облысында бірқатар мектеп қашықтан оқиды

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Шығармашылық меморандум

Қоғам • Бүгін, 09:02

Бейжіңде бақ сынайды

Спорт • Бүгін, 09:00

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:55

Шағын ауыл шаттығы

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Ақынның ақтық дауысы

Әдебиет • Бүгін, 08:50

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью