Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Financial Times басылымының жазуынша, Иран Ресеймен құны 500 миллион еуро болатын құпия келісім жасасқан. Келісім аясында Тегеранға үш жыл ішінде 500 дана «Верба» тасымалды зениттік кешені мен 2500 «9М336» зымыраны жеткізілуі тиіс.
Басылым деректеріне қарағанда, құжатқа 2025 жылдың желтоқсанында Мәскеуде қол қойылған. Келісім «Рособоронэкспорт» пен Иран Қарулы күштерінің Қорғаныс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету министрлігі арасында жасалған. Жеткізілім 2027–2029 жылдарға жоспарланған.
Ақпаратта Иран бұл жүйелерді ресми түрде өткен жылдың шілдесінде сұратқаны айтылған. Бұған дейін АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасаған болатын. Ресей мен Иран стратегиялық серіктестік туралы келісімге ие, алайда ол өзара қорғаныс міндеттемесін қамтымайды.