Иран Сауд Арабиясындағы мұнай химия кешеніне шабуыл жасады

07.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Иран Сауд Арабиясының әл-Джубайл қаласындағы мұнай-химия кешеніне соққы жасады. Бұл туралы сейсенбі, 7 сәуірде Tasnim агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иран Сауд Арабиясының әл-Джубайл қаласындағы мұнай-химия кешеніне соққы жасады. Бұл туралы сейсенбі, 7 сәуірде Tasnim агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, энергетикалық нысандарда жойқын өрт басталған. Бұл кешен жылына 60 миллион тонна мұнай өндіреді, әлемдік мұнай-химия өндірісі жалпы көлемінің шамамен 6-8 пайызын құрайды.

Агенттік зымыран тигеннен кейін басталған ауқымды өрттің видеосын жариялады.

Өткен тәулікте Біріккен Араб Әмірліктеріндегі нысандар да Иран тарапынан шабуылға ұшырады. Мәселен, Абу-Дабидегі өнеркәсіптік нысанға жасалған шабуылдан кейін атып түсірілген снаряд сынықтарынан бір адам жараланды, деп хабарлады Абу-Даби үкіметінің баспасөз қызметі дүйсенбі, 6 сәуірде X әлеуметтік желісінде.

WAM мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әл-Фуджейра порт қаласында телекоммуникациялық компания ғимаратына ирандық ұшқышсыз ұшақ шабуыл жасаған, зардап шеккендер жоқ. БАӘ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 6 сәуірде 12 баллистикалық зымыран, екі қанатты зымыран және 19 дрон атып түсірілді. Иранның осы шабуылдары салдарынан төрт адам жарақат алды.

Press TV хабарлауынша, Иранның "Хатам әл-Анбия" орталық штабының өкілі Эбрахим Зольфагари Израильдегі нысандар мен Кувейттегі авиабазалардың соққыға ұшырағанын мәлімдеді.

"Тель-Авивтің солтүстігі мен оңтүстігіндегі маңызды нысандар, Хайфадағы стратегиялық орталықтар, Беэр-Шевадағы химиялық зауыттар мен Петах-Тиквадағы Израиль әскерлері шоғырланған жерлерге жоғары дәлдіктегі баллистикалық зымырандармен соққы жасалды", - делінген хабарламада.

Кувейттегі шабуылдар екі нысанға бағытталды: "Али ас-Салем" авиабазасындағы бірнеше ұшу аппараты жоғары дәлдіктегі зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтармен жойылды. АҚШ-тың Кувейттегі "Аль-Адири" базасына зымыран мен дрон шабуылы жасалып, салдарынан тікұшақ ангарлары мен америкалық әскери қызметшілерге арналған үй-жайлар қирады".

Ал АҚШ пен Израиль Иранның мұнай-химия нысандарына қайта шабуыл жасады. Fars ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның газ өнеркәсібінің орталығы Ассалуйе өнеркәсіптік аймағындағы мұнай өңдеу зауытының маңында бірқатар жарылыс болған.

Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың айтуынша, аталған нысан Иранның барлық мұнай-химия өнімдері көлемінің шамамен жартысын қамтамасыз етеді.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью