Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ пен Израиль шабуылдары аясында өңірде Иранға соққы жасау үшін пайдаланылып отырған нысандар Иранның қорғаныс операциялары үшін «заңды мақсат» болып саналатынын айтты.
— Иран әрдайым көрші мемлекеттермен тату көршілік қағидаты, ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу негізінде достық қатынастарды сақтаудың және жалғастырудың маңызын атап келеді, — деп жазды Пезешкиан америкалық X әлеуметтік желісінде.
جمهوری اسلامی ایران بر حفظ و تداوم روابط دوستانه با دولت های منطقه بر مبنای حسن همجواری و احترام متقابل به حاکمیت ملی و تمامیت سرزمینی همواره تاکید دارد. این امر نافی حق ذاتی ایران برای دفاع از خود در برابر تجاوز نظامی آمریکا و رژیم صهیونیستی نیست.
— Masoud Pezeshkian (@drpezeshkian) March 7, 2026
Президенттің айтуынша, Иранның қорғаныс операциялары тек иран халқына қарсы агрессиялық әрекеттердің көзі болып отырған нысандарға бағытталған. Ол оларды «заңды мақсаттар» деп атады.
Сонымен қатар, Иран көрші әрі достас елдерге шабуыл жасамағанын айтып, соққылар өңірдегі АҚШ-тың әскери базаларына, нысандары мен инфрақұрылымдарына бағытталғанын жеткізді.
Бұған дейін мемлекеттік телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде Масуд Пезешкиан Иранның «көрші елдер аумағына тиген соққылары» үшін кешірім сұраған еді.