Иран Таяу Шығыстағы АҚШ нысандарына шабуыл жасап, жаңа соққылармен қорқытты

10.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) АҚШ соққыларына жауап ретінде Бахрейндегі Штаттардың 5-ші флотының күштеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) АҚШ соққыларына жауап ретінде Бахрейндегі Штаттардың 5-ші флотының күштеріне ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Агенттік материалда Press TV таратқан ақпаратқа сілтеме жасайды.

"Қарсыластың бұл қас ниетті әрекетіне жауап ретінде ИРСК әскери-теңіз күштері түнгі сағат 2:30-да Бахрейндегі 5-ші флоттың әскери-теңіз күштеріне дронмен шабуыл жасады", - деп телеарна ИРСК мәлімдемесінен үзінді келтіреді.

Сақшылар корпусы АҚШ тарапынан дұшпандық әрекеттер жалғасқан жағдайда бұдан да қатаң жауап шаралары қолданылатынын атап өтті.

"Қақтығыстар жалғасады, иран ұлтының ержүрек қарулы күштері жаудың агрессиясына тойтарыс беруді тоқтатпайды. Дұшпандық әрекеттер жалғасатын болса, бұдан да қатаң қарымта шаралар қабылданады", - делінген ИРСК мәлімдемесінде.

Сонымен қатар агенттігінің хабарлауынша, Иран қарулы күштері әскери қолбасшылығының "Хатам аль-Анбия" орталық штабы АҚШ соққыларына жауап ретінде иран армиясы өңірдегі бірнеше америкалық базаға шабуыл жасағанын мәлімдеді.

"Агрессияға жауап ретінде... аймақтағы АҚШ-тың бірнеше базасы Иран Ислам Республикасының қаһарман армиясы мен Ислам революциясы сақшылар корпусының ержүрек жауынгерлері тарапынан қуатты шабуылға ұшырады", - деп көрсетілген штаб мәлімдемесінде.

Сәрсенбіге қараған түні АҚШ Орталық қолбасшылығы американдық әскери тікұшақпен болған оқиғаға жауап ретінде Иран аумағына оқ жаудырды. БАҚ мәліметтері бойынша, барлығы үш толқын соққы жасалған.

Бендер-Аббас және Джаск қалаларында, сондай-ақ Кешм мен Сирик аралдарында жарылыстар болды. Салдарынан елдің оңтүстігінде екі су қоймасы қирап, телекоммуникация мұнарасы зақымдалғанын ИРСК растады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью