Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери әрекеттері туралы хабар тараған соң, әлемдік мұнай бағасы бірден қымбаттады. Соңғы сегіз айда алғаш рет мұнайдың бағасы бір барреліне 80 доллардан асты. Бұған себеп – мұнай жеткізілмей қалуы мүмкін деген қауіп. Ең үлкен алаңдаушылық Парсы шығанағындағы Ормұз бұғазына қатысты. Бұл – әлемге тасымалданатын мұнайдың қомақты бөлігі өтетін маңызды жол. Егер осы бұғаз жабылса немесе қозғалыс қиындаса, мұнай азайып, баға одан әрі өсуі мүмкін деген қауіп бар, деп жазады Egemen.kz.
Нәтижесінде Лондондағы ICE Futures алаңында Brent маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстері түнгі саудада 13,04%-ға дейін қымбаттап, барреліне 82,37 долларға жетті. Бұл – мұнай бағасы 2025 жылғы 16 қаңтардан бері алғаш рет 82 доллардан жоғары көтерілген сәт.
«Тегеран енді бұрынғыдай болмайды»: Израиль мен АҚШ Иранға соққы жасады
Алайда эмоциялық серпін ұзаққа созылған жоқ. Сағат 02:39-ға қарай өсім баяулап, баға 8,93%-дық өсіммен 79,38 доллар деңгейіне түсті. Демалыс күндері ICE биржасында сауда жүрмейтіндіктен, Иран төңірегіндегі оқиғалардың әсері нарықта тек осы дүйсенбі күні толық көрінді. Сарапшылар мұндай реакцияны қалыпты деп санайды.
«Жеткізілімдердің үзілу қаупі бар. Бұған қоса, әлемдік теңіз арқылы тасымалданатын мұнайдың 20-25%-ы өтетін Ормұз арқылы транзиттің қауіпсіздігі де алаңдатады», деп жазады «Альфа-Инвестиции» талдаушылары.
«Қазіргі таңда нарықта белгілі бір артық ұсыныс бар. Дегенмен Ормұз бұғазы толық жабылатын болса, тәулігіне шамамен 10 млн баррельге дейін мұнай тапшылығы туындауы мүмкін. Бұл – әлемдік тұтынудың шамамен 10 пайызы. Мұндай жағдай бағаны қазіргі деңгейден әлдеқайда жоғары көтеруі ықтимал», дейді Ресейдің «Первая»инвестициялық компаниясының сарапшысы Анна Бутенко.
Балама бағыттар бар болғанымен, олардың мүмкіндігі шектеулі. Сауд Арабиясының шығыс-батыс бағытындағы мұнай құбыры мен Абу-Даби инфрақұрылымы арқылы ағынның бір бөлігін қайта бағыттауға болады. Алайда соның өзінде Ормуз бұғазы жабылса, таза шығын тәулігіне 8-10 млн баррельді құрайды. Мұны Rystad Energy компаниясының геосаяси талдау бөлімінің басшысы Хорхе Леон атап өтеді.
Сайып келгенде, мұнай нарығында бағаны қазір сұраныс пен ұсыныстан гөрі геосаяси қатерлер айқындап отыр. Ал басты тасымал бағыттарының қауіпсіздігіне қатысты белгісіздік жойылмайынша, бағаның құбылмалы сипаты сақтала бермек.
Соңғы жаңалықтар
Иран төңірегіндегі жағдай: Мұнай неге қымбаттады?
Экономика • Бүгін, 10:10
Әуежайда «бомба» бар деп мәлімдеген «Қайрат» клубының дәрігері рейстен түсірілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:58
2 наурызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бибігүл Жексенбай: Жаңа Конституция – Ұлттық құрылтайда басталған реформалардың логикалық жалғасы
Ата заң • Бүгін, 09:38
Ауа райы • Бүгін, 09:29
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:08
Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты бірнеше елдің басшыларымен сөйлесті
Президент • Кеше
Белгілі ғалым тілге қатысты алып қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бейбітшілік – әрбір баланың құқығы: Динара Закиева Иранда қаза тапқан оқушыларға көңіл айтты
Оқиға • Кеше
Елімізде киножобаларды іріктеу конкурсы басталды
Кино • Кеше
БАӘ-дегі Қазақстан елшілігі отандастарға көмек көрсетуге шақырды
Әлем • Кеше
Иранда Али Хаменеинің орнына уақытша көшбасшы тағайындалды
Әлем • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания халқына қолдау білдірді
Президент • Кеше
Қазақстанның алты боксшысы Странджа кубогының алтын медалі үшін сынға түседі
Бокс • Кеше