Иранда мұнай қоймаларының жарылысы қышқыл жауынға ұласуы мүмкін

08.03.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Иранның Қызыл Жарты ай ұйымы мұнай қоймаларының жарылысы қышқыл жауынға ұласуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иранның Қызыл Жарты ай ұйымы мұнай қоймаларының жарылысы қышқыл жауынға ұласуы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұнай қоймаларының жарылысы атмосфераға көмірсутектердің улы қосылыстары, күкірт пен азот оксидтері сияқты зиян заттардың көп мөлшерде тарауына әкеледі. Егер осы кезде жаңбыр жауса, ол өте қауіпті болып, қышқылдық қасиеті күшейеді", - делінген құтқарушылардың хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, мұндай құбылыс терінің химиялық күйігіне және өкпеге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққыларын жасағанын хабарлаған. ЦАХАЛ өкілінің айтуынша, Тегеранда кемінде 30 мұнай резервуары нысанаға алынған.

Кейін Иран парламентінің энергетика жөніндегі комиссиясының өкілі Исмаил Хосейни соққы тек төрт жанармай сақтау нысанына тигенін нақтылаған. Оның айтуынша, елде халықты жанармаймен қамтамасыз етуге қауіп жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, мұнай қоймаларына жасалған соққылар салдарынан кемінде төрт адам қаза тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью