Иранда тәртіпсіздіктерден екі әскери қаза болды

09.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Иранда наразылық шаралары күшейді. Бейбіт шерулер тәртіпсіздіктерге ұласты. 

Тасним агенттігінің кейінгі дерегі бойынша, Ислам революциясы сақшылар корпусының екі бірдей сарбазы қаза болды. Сондай-ақ Казвин қаласында да қауіпсіздік күштері қызметкерлеріне де шабуыл жасалған. 

Қазір елде интернет істемей тұр. Ислам Республикасындағы ахуалға қатысты АҚШ президент Дональд Трамп қатқыл мәлімдеме жасады. Ақ үй басшысы ереуілшілерге оқ атылса, Иранға соққы жасайтынын ескертті. Ал Құрама Штаттардың вице-президенті Джей ди Вэнс Вашингтон тек көшеге шыққан бейбіт шерушілерді қолдайтынын жеткізді. 

Еске салайық, Ислам Республикасында толқулар өткен айдың соңында басталды. Наразы жұрт ұлттық валютаның құнсыздануын тоқтатуды талап етіп, көшеге шыққан болатын. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью