Иранда жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар Армения арқылы эвакуацияланды

07.03.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан азаматтарымызды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Эвакуация басталғалы бері 4700-ден аса қазақстандық елге оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарымызды құрлық жолымен де шығарып жатыр.

"6 наурызда ҚР шетелдегі мекемелері "Заркух" компаниясының 7 қызметкері – ҚР азаматтарының Иран-Армения шекарасына шығуын ұйымдастырды. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, "Заркух" компаниясы қалған 16 қазақстандықты да осы бағыт бойынша эвакуациялауды жоспарлап отыр. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылды", - деп хабарлады СІМ.

Ведомство өкілдері өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста екенін де атап өтті.

Бұған дейін Ирандағы қазақстандықтарды төрт ел арқылы шығару жоспарланып отырғаны туралы жазған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью