Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстанның шетелдегі мекемелері тиісті мемлекеттердің құзырлы органдарымен келіссөздер жүргізіп, азаматтарымызды Ираннан көрші елдер арқылы эвакуациялауға қатысты уағдаластықтарға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: сыртқы істер министрлігі
Армения тарапымен Қазақстан азаматтарының Иран – Армения шекарасынан кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мәселесі келісілді. Қажет болған жағдайда азаматтар Армения аумағы арқылы эвакуацияланады. Арменияның сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен тұрақты байланыс орнатылған.
Осыған ұқсас келіссөздер Әзербайжан тарапымен де жүргізілді. Әзербайжан эвакуациялау ісінде қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Алайда елдің құрлықтағы шекара бекеттерінде өткізу тәртібі шектеулі болғандықтан, шекарадан өту үшін арнайы рұқсат талап етіледі. Екі азаматтың өтініші негізінде Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігі Ираннан «Джульфа» бақылау-өткізу пункті (Нахчыван) арқылы кіруге жедел рұқсат алды.
Түрікменстан тарапы да отандастарымызды эвакуациялау мақсатында мемлекеттік шекарадан өткізуге жәрдем көрсетуге дайын екенін растады.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қосымша ақпарат Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекемелердің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
Жедел ақпарат тарату үшін Сыртқы істер министрлігі заманауи цифрлық мүмкіндіктерді, соның ішінде Kaspi инфрақұрылымын пайдаланды. Компаниямен бірлесіп хабарлама тарату жүйесі іске қосылып, өңірдегі азаматтардың мобильді құрылғыларына ресми ақпарат пен түсіндірмелер уақытылы жеткізіліп жатыр.
«Өңірдегі ахуал толық тұрақталғанға дейін азаматтарды сабыр сақтауға, жергілікті билік органдарының талаптары мен ұсыныстарын орындауға, қауіпті аймақтардан аулақ болуға және уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жаңа мәліметтер түскен жағдайда қосымша хабарланады. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігінің және шетелдегі мекемелердің ресми ақпараттарын үнемі қадағалап отыруды сұраймыз», делінген министрлік хабарламасында.
Соңғы жаңалықтар
Ирандағы отандастарымыз қай елдер арқылы эвакуацияланады?
Әлем • Бүгін, 13:00
«Стрептоцидке» тыйым салынды: Препарат енді Қазақстан дәріханаларында сатылмайды
Денсаулық • Бүгін, 12:52
Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:47
Автолизинг бағдарламасының толыққанды іске қосылуына не кедергі?
Қоғам • Бүгін, 12:40
Теміртау тұрғындары қақаған аязда жылусыз отыр
Қоғам • Бүгін, 12:37
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді
Шахмат • Бүгін, 12:28
2029 жылға дейін 10 мың шақырым автожолға жөндеу жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:01
Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
Спорт • Бүгін, 11:48
Петропавлда пәтер ұрысы бейнебақылаудың арқасында қолға түсті
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Мемлекет басшысы Болгария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:23
Жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен 81 мектеп салынды
Жемқорлық • Бүгін, 11:20
Еурохаттаманы толтырудың тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 11:12
Ерлан Қарин Президенттің неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді
Тәуелсіздік • Бүгін, 11:07
«Отбасы банк»: 600 мыңға жуық адам мемлекеттік сыйақы алды
Банк • Бүгін, 10:52
Жеті жылда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі екі есеге жуық өсті
Экономика • Бүгін, 10:45