Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Иранда ауыр экономикалық дағдарыс пен құнсызданудың кесірінен туындаған қақтығыс бесінші күн қатарынан басылмай тұр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қақтығыс кезінде кемінде алты адам ажал құшып, ондаған шеруші қамауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Видеодан алынған кадр
Америкалық Associated Press агенттігінің бейсенбі, 1 қаңтар күні кешке таратқан мәліметіне сүйенсек, экономикалық шиеленіске байланысты өтіп жатқан шерулер кезінде кемінде алты адам қаза тапқан. Алғашқы құрбандар туралы ақпаратты Reuters агенттігі де жергілікті БАҚ пен құқық қорғау ұйымдарына сілтеме жасай отырып таратты.
Наразылық қалай басталды?
Толқулар 28 желтоқсанда Тегеранда басталды. Алдымен ұялы телефон сататын дүкен иелері, кейін басқа да кәсіпкерлер экономиканың нашарлауына наразылық ретінде сауда нүктелерін жапты. Көп ұзамай бұл акцияларға басқа ірі қалалардың тұрғындары да қосылды.
30 желтоқсанда алғашқы қақтығыстар тіркеліп, тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолдана бастады.
Иран Президенті Масуд Пезешкиан Ішкі істер министрлігіне шерушілермен диалог орнатып, олардың заңды талаптарын тыңдауды тапсырды. Сонымен қатар күштік құрылымдар бұл оқиғаларды «сыртқы жаулардың қастандығы» деп атап, халықты жиынға қатыспауға шақырды.
1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Тегеранда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 30 адам қамауға алынған.
Соңғы жаңалықтар
1,6 мың шақырым жол жөнделіп, 2 мыңға жуық жаңа вагон беріледі
Қоғам • Бүгін, 11:08
Ресей үш жылда Украина аумағының қанша бөлігін басып алды?
Әлем • Бүгін, 10:40
Қазақстан ТМД-да алғашқы: Құтқарушылардың бірыңғай ведомствоаралық радиожелісі іске қосылды
Оқиға • Бүгін, 10:24
Қаржы • Бүгін, 10:18
Жиһаз бен макарон өнімдеріне салынатын салықтар жеңілдетілді
Әлем • Бүгін, 10:08
Қазақстанда авторлық құқықты қорғаудың бірыңғай платформасы қашан іске қосылады?
Қоғам • Бүгін, 09:40
2026 жылы күнтізбеде қандай өзгеріс бар?
Қоғам • Бүгін, 09:31
Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:17
Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады: 16 облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:00
Иранда қақтығыстар барысында бірнеше адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Астанада жаңа жыл түні лифт ішінде 11 адам қалып қойды
Қоғам • Кеше
Полиция жыл оқиғаларын сараптады
Аймақтар • Кеше
Алматыда 12 қабатты үйден өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Төтенше жағдай • Кеше
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Қазақстанда 2026 жылы қандай жаңа әуежайлар мен әуе рейстері іске қосылады
Қоғам • Кеше