Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 430,2 млн доллар болған. Ал бұл Қазақстанның жалпы саудасының 0,3%-ы ғана.
- Экспорт – $239,3 млн, импорт – $191 млн. Қазақстанның Иранға экспорттайтын негізгі тауары – арпа мен бидай (90%-дан астам). Бұл көлемдер басқа нарықтарға бағытталуы мүмкін. Қазақстан Ираннан полимерлі өнімдер, кептірілген жеміс, ірімшік, сүзбе, май сияқты азық-түлік өнімдерін импорттайды. Бұл Иран бағыты логистикалық маршруттар мен жүктерді жеткізу бөлігінде қазақстандық тауарларды жеткізудің негізгі арнасы болып отырған жоқ, - деп жазылған министрлік мәліметінде.
Жауаптан Ирандағы жағдай ушыға берсе, Қазақстан астық экспортының балама бағыттарын іздеуге мәжбүр болатынын аңғаруға болады. Бұл – экспорт мүмкіндіктерінің шектелуінен белгі беретін жайт.
Айта кетейік, бұған дейін еліміз биыл 76 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отырғаны хабарланды.
Ал астық пен ұн экспорты 9,9 млн тоннаға жетті.