Иранға жасалатын ең ауыр соққылар әлі алда Марко Рубио

03.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«Мен біздің тактикалық әрекеттеріміздің барлық бүге-шігесіне шейін ашпаймын, бірақ ең ауыр соққыларды америкалық әскерилер енді жасайды. Келесі кезең Иран үшін қазіргі жағдайдан да ауыр болады», деді Рубио.

Ол сондай-ақ Ирандағы операция қажет болғанша жалғасатынын айтты.

«Біздің мақсаттарымыз бар. Біз бұл әрекеттерді сол мақсаттарға жеткенге дейін жалғастырамыз», деп мәлімдеді Мемлекеттік департамент басшысы.

«Бұл операцияның мақсаты — олардың баллистикалық зымыран саласындағы әлеуетін жою және оны қайта қалпына келтіре алмауын қамтамасыз ету», деп атап өтті Рубио.

Айта кетейік, Пентагон Иранға жасалған соққы туралы алғаш рет мәлімдеме жасады. Ал Трамп әскери операция қажет болғанша жалғасатынын жария етті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью