Иранға жасалған шабуыл Таяу Шығыстағы әуе қатынасын тоқтатты

01.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Израиль, Қатар, Сирия, Иран, Ирак, Кувейт және Бахрейн өз әуе кеңістігін жауып, жүздеген мың жолаушының рейстері тоқтап немесе басқа әуежайларға бағытталуға мәжбүр болды.

Шабуыл салдарынан Дубай, Абу-Даби және Доха әуежайлары жабылды, сондай-ақ ірі Таяу Шығыс авиакомпаниялары 1000-нан астам рейсті тоқтатты. Осы әуежайларда жұмыс істейтін үш ірі авиакомпания — Emirates, Qatar Airways және Etihad күн сайын шамамен 90 000 жолаушыға қызмет көрсетеді. Cirium аналитикалық компанияның мәліметінше көптеген саяхатшы Таяу Шығысқа бағыт алған. Дубай халықаралық әуежайы халықаралық рейстер саны бойынша әлемдегі ең көп жұмыс істейтін әуежай

Саяхатшыларды жағдайдың жақсарып кететінін айтып, алдаусыратудың қажеті жоқ. Олар  алдағы бірнеше күнде рейстердің кешігуіне немесе тоқтап қалуына дайын болауы керек, өйткені бұл шабуылдар күшейіп кетуі мүмкін, бірақ аяқталады деп үміттенеміз, - деді Генри Хартевельдт, авиация саласының талдаушысы және atmosphere Research Group президенті

Cirium компаниясының деректеріне сәйкес, Таяу Шығыс елдерінде сенбі күні жоспарланған 4218 рейстен 966 рейс (22,9%) тоқтатылған, ал шығатын рейстерді қосқанда бұл көрсеткіш 1800-ден асады. Ал жексенбі күні 4329 жоспарланған рейстен 716 рейс тоқтатылған.

FlightAware сайтының мәліметінше, сенбі күні Гринвич уақыты бойынша 22:30–да әлем бойынша 18 000-нан астам рейс кешіктірілген, ал 2350-ден астам рейс толық тоқтатылған.

Таяу Шығыс арқылы ұшатын авиакомпаниялар рейстерін қақтығыс аймағынан айналдырып бағыттауға мәжбүр болады. Бұл ұшу уақытын ұзартып, отын шығынын арттырады, яғни авиакомпанияларға қосымша шығын әкеледі. Сондықтан егер қақтығыс ұзаққа созылса, билет бағасы тез өсуі мүмкін, деп жазады The Guardian.

Рейстердің көбеюі әуе диспетчерлеріне қосымша жүк салатындықтан, ұшақтардың қауіпсіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін ұшу жылдамдығын төмендетуге тура келеді.

Бұған дейін біз Дубай халықаралық әуежайларының жұмысын тоқтатқанын хабарлаған едік

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью