Иранмен соғыс аяқталуға жақын Трамп

15.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Сәрсенбі, 15 сәуірде эфирге шығуы жоспарланған әңгімеден үзінді арнаның веб-сайтында жарияланды.

Трамп әскери әрекетті қолдаудың негізгі дәлелі ретінде Иранның ядролық бағдарламасын тағы да келтірді.

- Мен араласуға мәжбүр болдым, егер араласпасам, қазір ядролық қаруы бар Иран болар еді, - деді Трамп.

Соғыс аяқталды ма деген сұраққа Ақ үй басшысы: «Менің ойымша, ол аяқталуға жақын. Өте жақын», - деп жауап берді.

Бұған дейін New York Post газетіне телефон арқылы берген сұхбатында АҚШ президенті Иранмен қақтығыс туралы өз ойын білдіріп, Тегеранмен келіссөздердің екінші кезеңі алдағы екі күнде Пәкістанда өтуі мүмкін екенін атап өтті.

- Алдағы екі күнде бірдеңе болуы мүмкін және біз сол жерге баруға дайынбыз, - деді ол.

Трамп келіссөздердің екінші кезеңінде АҚШ атынан кім баратынын нақтыламады, бірақ өзі қатыспайтынын айтты.

Айта кетейік, өткен апта соңында Пәкістан астанасында АҚШ-Иран келіссөздері өтті. Алайда соғысты тоқтату туралы келісімге келе алмады.

Бұған дейін АҚШ вице-президенті Иранмен келіссөздерге қатысты күтпеген мәлімдеме жасаған болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью