Ираннан ұшқан дрон Әзербайжан аумағына құлады (ВИДЕО)

05.03.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Иран аумағынан ұшырылған зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының бірі Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай маңына құлаған. Оқиға салдарынан әуежай терминалының ғимараты зақымданғаны хабарланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жарылыс кезінде ұшқышсыз аппараттың сынықтары терминалдың шатырын тесіп өткен. Сондай-ақ қала аумағында өрт шыққаны туралы ақпарат тарады.

Әзірге қираған нысандар мен зардап шеккен адамдар туралы ресми нақты мәлімет жарияланған жоқ. Айта кетейік, Нахичевань қаласы Иран шекарасынан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан.

Билік не дейді

Әзербайжан билігі ел аумағына құлаған дрондарға байланысты Ираннан ресми түсініктеме талап етті. Бұл туралы Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Министрлік Иран аумағынан ұшырылған ұшқышсыз аппараттардың шабуылын қатаң айыптайтынын жеткізді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью