Иранның Біріккен Араб Әмірлігіне жасаған соққысынан Дубайдағы туристер демалатын қонақүй өртенді

01.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Иран өз аумағына АҚШ пен Израиль жасаған соққыларға жауап ретінде Біріккен Араб Әмірліктеріне дрондар мен зымырандар арқылы шабуыл жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

28 ақпан, сенбі күні кешке Дубайдағы жасанды Палм Джумейра (Palm Jumeirah) архипелагы ауданында жарылыс болды. Туристер де демалып жатқан бес жұлдызды Fairmont Palm қонақүйінің маңында өрт шыққан.

Дубай билігі Пальма Джумейра ауданындағы ғимараттардың бірінде «оқиға» болғанын растады.

Dubai Media Office X әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемеде: «Оқиға орнына жедел әрекет ету топтары дереу жіберілді, аумақ қоршауға алынды. Дубайдың Азаматтық қорғаныс қызметі өрттің оқшауланғанын растады» делінген.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан төрт адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

Иран зымыраны немесе дронының құлауы мүмкін

Ресми органдар «оқиғаның» нақты сипатын әзірге ашып айтқан жоқ. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде Иран зымыранының немесе оның сынықтарының, не болмаса Shahed үлгісіндегі ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы мүмкін деген болжамдар тарап жатыр. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Билік тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға және ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.

Кейбір дереккөздерде осы аптада Дубайда Google компаниясының ішкі конференциясы өткен. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қызметкер жиналған. Конференция бейсенбі күні аяқталғанымен, қатысушылардың көбі демалыс күндеріне қалада қалуды ұйғарған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью