Иранның одақтасы Таяу Шығыстағы соғысқа кірісті

09.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Йемендік хусит көтерілісшілері Таяу Шығыстағы соғысқа Иран жағында қосылды. Дүйсенбі күні олар Израильге зымыранмен соққы жасалғанын хабарлап, Израиль кемелерінің Қызыл теңізге кіруіне тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Йемендік хусит көтерілісшілері Таяу Шығыстағы соғысқа Иран жағында қосылды. Дүйсенбі күні олар Израильге зымыранмен соққы жасалғанын хабарлап, Израиль кемелерінің Қызыл теңізге кіруіне тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

"Біз Қызыл теңіздегі израильдік теңіз кеме қатынасына толық әрі шектеусіз тыйым саламыз. Осы мәлімдеме жарияланған сәттен бастап қарсыластың кез келген қозғалысын қарулы күштеріміз үшін заңды әскери нысана деп санаймыз", - делінген хуситтердің қарулы күштері таратқан мәлімдемеде.

Хуситтердің айтуынша, олар "израильдік қарсыластың маңызды нысандарына зымырандармен дүркін-дүркін соққы берген" және бұл соққылар "көздеген мақсатына жоғары дәлдікпен жеткен".

Израиль әскерилері "Йемен аумағынан Израильге қарай зымыран ұшырылғанын тіркедік, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қауіптің бетін қайтару үшін жұмыс істеп жатыр" деп мәлімдеді.

Хуситтердің шабуылы дүйсенбі, 8 маусым күні Израиль мен Иран арасындағы өзара соққылар кезінде жасалған. Бұл жағдай бітімгершілікті тағы да қатерге тігіп, бейбіт келісімге деген үмітті сейілтті.

Хуситтердің Баб-эль-Мандеб бұғазын және Иран әскерилерінің Ормуз бұғазын бір мезгілде қоршауға алуы әлемдік теңіз арқылы тасымалданатын мұнай мен газдың шамамен үштен біріне қауіп төндіреді.

Ең тар жерінің ені небәрі 26 шақырым болатын Баб-эль-Мандеб бұғазы Қызыл теңізді Аден шығанағымен, әрі қарай Үнді мұхитымен байланыстырады. Дүниежүзілік теңіз саудасының шамамен 12 пайызы осы жер арқылы өтеді.

Ормуз бұғазы әлемдік теңіз мұнайы мен газының, сондай-ақ басқа да жүктердің бестен бір бөлігінің тасымалын қамтамасыз етеді.

Хуситтер мен Ливанда орналасқан "Хезболла" Тегеран тарапынан қолдау тауып, жаттықтырылатын және қаруландырылатын "Қарсыласу өсі майданына" кіреді. Бұл одаққа ХАМАС пен Ирактағы жасақтар да мүше.

Ресми түрде "Ансар Аллах" деп аталатын Йеменнің солтүстігіндегі таулы аймақтан шыққан хусит көтерілісшілері 2014 жылдың қыркүйегінде астана Сананы басып алып, үкіметті құлатқаннан бері елдің едәуір бөлігін он жылдан астам уақыт бойы бақылап келеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью