Іргелі ұйым шежіресі

14.11.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Астанадағы Президенттік орталықта Бірік­кен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «БҰҰ – 80: шынайылық» атты фото­көрме ашылды. Іс-шараның ашылуына мемле­кеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкіл­дері қатысты.

Президенттік орталықтың директоры Бақытжан Темірболат  бүгінгі көрме қонақтарға БҰҰ ішкі  жағынан көруге мүмкіндік сыйлағанын айтты.

«Мұнда күнделікті отырыстар мен миссиялар ерек­ше көріністер мен эмоцияларға толы адам тағ­дыр­ларының тарихына айналады. Еліміз тәуел­сіздік алған­нан кейін 1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлт­тар Ұйымының мүшесі атанып, көпжақты ынты­мақ­тастық, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту қағи­дат­тарын дәйекті түрде іске асырып келеді», деді ол. Ал Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Са­ранго Раднарагча бұл ­жай ғана көрме емес, ұйым­ның шынайы болмысын ­көруге шақыру екенін жеткізді.

«Бұл суреттер бізге БҰҰ – бұл Нью-Йорк пен Женева­дағы ғимараттар ғана емес, әлемнің әр түк­пірінде бейбітшілік пен адамгершілікке қызмет етіп жүрген адамдар қауымдастығы екенін еске салады. Фотогра­фия секілді дипломатия да – назар мен сезімнің өнері», деді С.Раднарагча.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью