Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ

20.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен еліміздің киберқауіпсіздігін нығайту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиын Мемлекет басшысының Қазақстанды толыққанды цифрлық елге айналдыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Онда жаңартылған Конституцияда адамның дербес деректерін қорғау құқығы тікелей жазылғанына, ал Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері тұрғысынан киберқауіпсіздік мәселелері стратегиялық маңызға ие болғанына ерекше назар аударылды.

Салалық министрліктер, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі қатысқан кездесу барысында киберқауіпсіздік саласындағы жүйелі іс-шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп ұсынылды.

Негізгі өзгерістердің қатарында ірі деректер базасының (100 мыңнан астам жазба) операторлары үшін міндетті биометриялық сәйкестендіруді енгізу бар.

Киберқауіпсіздік пен ЖИ-ді дамыту: Елордада Palo Alto Networks компаниясымен кездесу өтті

Кеңес шеңберінде мемлекеттік жүйелердің қорғалуына ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға жасалған аудит нәтижелері ерекше назар аударуды және қорғанысты күшейтуді талап ететін бірқатар жүйелі осал тұстарды анықтады.

Кеңес қорытындысы бойынша азаматтардың цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді Бірыңғай мониторинг жүйесіне қосу жұмыстарын күшейту тапсырылды.

SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады

Қаржы секторы мен микрокредиттік ұйымдарда дербес деректерді қорғауды күшейту қажеттілігі бөлек тармақ ретінде атап өтілді.

Премьер-министрдің орынбасары салалық ведомстволарға барлық тапсырмалардың орындалуына қатаң бақылау жүргізуді тапсырып, киберқауіпсіздік – Қазақстанның цифрлық трансформациясының іргелі шарты екеніне назар аудартты.

Соңғы жаңалықтар

Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады

Спорт • Бүгін, 12:52

Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды

Қоғам • Бүгін, 12:42

Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді

Қазақстан • Бүгін, 12:40

Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды

Қоғам • Бүгін, 12:27

Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді

Банк • Бүгін, 12:22

Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент • Бүгін, 12:09

Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05

Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды

Оқиға • Бүгін, 11:55

Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі

Қазақстан • Бүгін, 11:42

«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Мереке • Бүгін, 11:37

Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді

Технология • Бүгін, 11:26

Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 11:23

Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды

Қазақстан • Бүгін, 11:12

Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі

Білім • Бүгін, 11:00

Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды

Энергетика • Бүгін, 10:54

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью